Республикалық ғылыми-практикалық конференция

2025 жылғы 28 ақпанда “Bolashaq” Академиясында студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың (халықаралық қатысумен) республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция өзекті ғылыми және әлеуметтік мәселелерді талқылау, пікір алмасу және Қазақстан мен шет елдер арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту үшін дәстүрлі алаңға айналды.

Құттықтау сөздерімен сөз сөйледі:

Аданов Қуанышбек Бұланұлы – Академия ректоры, PhD докторы, қауымдастырылған профессор

Төлебаев Ерболат Әбибіллайұлы – “Қарағанды медицина университеті” КЕАҚ Фармация мектебінің деканы, Фармация бойынша PhD докторы

Жұман Бектас Бақытұлы – “АМАНАТ” партиясының Жастарды қолдау жөніндегі Қарағанды облыстық кеңесінің мүшесі, Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Студенттер үйінің директоры, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Конференцияда жас зерттеушілер қазіргі ғылымның өзекті мәселелеріне арналған 130-дан астам ғылыми жұмыстарды ұсынды.

Пленарлық отырыста жас зерттеушілер Академияның әлеуметтік серіктестерінің өкілдері ретінде сөз сөйледі:

  • Стонт Алина және Фокина Екатерина, Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университетінің ФГБОУ ВО студенті. (Абакан қ., Ресей Федерациясы)
  • Бахитова Жанель, “Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті” КЕАҚ 2 курс студенті (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
  • Ғани Ділназ, “С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті” АҚ 4 курс студенті (Алматы қ. (Қазақстан Республикасы)

Конференция аясында Академия дайындайтын негізгі бағыттарды қамтитын 6 тақырыптық секция жұмыс істеді, бұл қатысушыларға зерттелетін мәселелерге тереңірек үңілуге және перспективалы ғылыми шешімдерді талқылауға мүмкіндік берді:

№ 1 Секция. ҚР құқықтық жүйесін дамыту перспективалары. Қаржылық тәуекелдерді басқару және бизнесті құқықтық қорғау

Төраға: з.ғ.к., профессор Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы

№ 2 Секция. Үздіксіз білім беру жағдайында тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестерінің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің инновациялық тәсілдері

Төраға: пс.ғ.к., доцент Никифорова Ольга Владимировна

№3 Секция.  Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы

Төраға: ф.ғ.д., профессор Әбдуов Мұхаммадғали Ілиясұлы

№ 4 Секция. Тілдер – мәдениетаралық қарым-қатынас негізі

Төраға: phd., доцент Газиханова Жанар Газизовна

№ 5 Секция. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері

Төраға:  т.ғ.к., профессор Шащанова Майра Балиқызы

№ 5 Секция. Қазіргі даму кезеңіндегі химиялық-фармацевтикалық және биологиялық-медицина ғылымдарының өзекті мәселелері

Төраға:  м.ғ.д., профессор Тнимова Гульбагиза Тауфиковна

Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды және 40-тан астам автор ғылым мен инновациялық ойлауды дамытуға қосқан үлесі үшін грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Конференцияның барлық қатысушылары мен серіктестеріне ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.