Педагогика кафедрасының оқытушылары оқу процесіне дайындық аясында ойынға тәуелділіктің алдын алу тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинарға қатысты.
Семинарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырды.
Осы бағыттағы жетекші мамандар семинарға қатысушыларды ойынға тәуелділіктің негізгі ұғымдарымен, себептерімен, түрлерімен таныстырды. Жасөспірімдер мен студенттерге арналған лудоманияны диагностикалау кешені егжей-тегжейлі таныстырылды. Сондай-ақ мұндай адамдарға көмек көрсету бойынша ұсыныстар мен алгоритмдер берілді. Семинар академияның психологиялық қызметінің жұмысы үшін және оқу процесінде психологиялық практикалық пәндер бойынша оқытушыларды даярлау үшін пайдалы болды.