«Педагогика» кафедрасының магистранттарының педагогикалық практикадан өтуі

2025 жылғы 10 қарашадан 28 қарашаға дейін МПП-24-1 тобының магистранттары педагогикалық практикадан өтті.

Осы практиканың аясында бастапқы (установочная) және қорытынды конференциялар өткізілді. Сонымен қатар магистранттар күндізгі қысқартылған бөлімнің студенттерімен лекциялық, семинарлық сабақтар мен кураторлық сағаттарды ұйымдастырды. Мысалы, магистрант Калмаганбетова Айгүл ДОВ-24-1к тобына «Педагогика тарихы (мектепке дейінгі және жалпы)» пәнінен сабақ өткізді. Студенттер ақпаратты белсенді қабылдап, оқытушыға кері байланыс берді. Сабақтар әдістемелік және оқу-тәрбие деңгейінде жоғары сапамен өтті.

Педагогикалық практика барысында магистранттар жоғары оқу орындарында жұмыс істеу үшін қажет құзыреттерді меңгерді және тәжірибе жинақтады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.