Педагогика кафедрасы студенттерінің Е.А.Бөкетов атындағы ҚарЗУ ғылыми зертханаларында болуы

«Ғылым апталығы» аясында Педагогика кафедрасының меңгерушісі пс.ғ.к. Әбдірахманова А.С. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасына Пип-24-1 тобы студенттерінің экскурсиясын ұйымдастырды. Студенттер педагогика факультетінің деканы п.ғ.д., профессор С. А. Муликовамен кездесті, ол факультеттегі студенттер мен ПОҚ-тың ғылыми қызметіне қысқаша шолу жасады.

Кафедра меңгерушісі п.ғ.к. Маженова Р.Б. кафедралық аудиториялар, коворкинг орталығы, кафедра жанындағы ғылыми-зерттеу зертханалары бойынша экскурсия өткізді. Студенттер ерте даму зертханасының қызметімен танысты. Кафедра профессоры п.ғ.д. Н.В. Мирза осы зертхана қызметінің мәні мен мазмұнын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сондай-ақ, студенттер психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу зертханасында болды, бұл жерде оларға кафедра қызметкерлері білім беру барысында қолданылатын, тіл түзету жұмыстарына арналған жабдықтарды егжей-тегжейлі және көрнекі түрде көрсетті. Бұл құмды сенсорлық аппарат және сенсорлық айна. Аталған жабдықтар педагог-психолог, логопед және дефектологтың тіл түзету жұмыстарында қолданылады.

Сондай-ақ 2022 жылы кафедра қызметкерлерінің авторлық әзірлемесі бойынша жасалған виртуалды балабақшаға шолу жасалды. Ол бүкіл Қазақстан бойынша және одан тыс жерлерде балаларды мектепке дейінгі оқытумен қамтамасыз етуге бағытталған. Кафедраның жетекші мамандары ата-аналардың өтініші бойынша қашықтықтан кеңес береді және сабақ жүргізеді.

Жалпы, студенттер Е.А. Бөкетов атындағы ҚарЗУ кафедрасының мектепке дейінгі педагогтар мен педагог-психолог қызметкерлерінің жұмысындағы ғылыми әзірлемелерімен танысқандықтарына өте риза болды және осы іс-шара үшін оларға жылы лебіздерін білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.