Бірнеше жылдар бойы “Bolashaq” Академиясында тамаша дәстүр сақталып келеді: жыл сайын, алтын күз келіп, көкөніс піскен кезде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге көкөніс өнімдері табысталады, бұл ұжымға алғыс пен қолдаудың символы болып табылады.
2024 жылдың 11 қазанынан бастап картоп, сәбіз, қызылша, қырыққабат және пияз сияқты қажетті өнімдерді қамтитын күзгі егін жинау басталды.
Бұл акция қызметкерлерді жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз етуге көмектесіп қана қоймай, ұжым ішіндегі достық және кәсіби байланыстарды нығайтады.
Академия ұжымы басшылыққа осы жақсы дәстүрді сақтағаны және өз қызметкерлерінің әл-ауқатына қамқорлық жасағаны үшін шын жүректен алғысын білдіреді!