«Наурыз бата» күні

«Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер» деп аталарымыз айтпақшы, бата беру — адал ниет, тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Қазақ халқы батадан қуат алып, ізгі сөздерге қанығып, оның құдіретіне сенеді.
22 наурызда үлкен кішіге бата береді.

Батаны көбіне жастарға құрметті ақсақалдар, атақты адамдар, кемеңгерлер береді.

Жиында жасы үлкен ешкім болмаса, көптің рұқсатымен жас болса да өнегелі, жөні бар адамға берген.


Ерлер отырғанда әйел бата бермейді, ер бала отырса, соған сөз береді. Алайда халқымызда батырларға ардақты аналардың да бата берген кездері көп.
Иә, бата беру жолына халқымыз үлкен мән берген, тәрбиелік мәнін ұғынған.
“Bolashaq “ Академиясы да осы аталған іс шараға өз үлесін қоса білді. Ұжым ақсақалдары жастарға жол болсын тілеп, бата берудің құндылығын дәріптеді.


Қадірлі аналар да бата беріп жастарды қуаттандырды. Жастар арасынан да бата жөнін білетіндер көптеп ерекшеленді.
“Ақ бата”, “Ас бата”, “Алғыс бата” түрлерінен бата жаудырды. Әрине, қазақ халқында бата түрі өте көп. Шаңырақ күніне арналған іс шарада отбасы, шаңыраққа бата берілді:


Ақылыңды астырсын,
Ықыласыңды тастырсын,
Балаң үбірлі болсын,
Қызың шүбірлі болсын!
Жақын көп болсын,
Жауың жоқ болсын!
Жақсы келсін қасыңа,
Нұр жаусын әзіз басыңа!
Көшің көлікті болсын,
Қонысың түлікті болсын,
Қатулықтан аулақ бол,
Татулыққа жақын бол!
Дәуренің иманмен сәнді болсын,
Ғұмырың біліммен мәнді болсын!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.