Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ер жететін, тәрбие ашатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнарсенің күшімен салтыстыруға болмайды. Қыркүйектің екінші жексенбісі елімізде «Отбасы күні» деп жарияланған. Осы мереке қарсаңында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Н.К.Касетованың ұйымдастыруымен К-23-1 тобында «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі» атты кураторлық сағаты өтті.
Кураторлық сағат барысында студенттер өз пікірлерін ортаға салып, тәрбиелік маңызы бар презентация көрсетіп, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін әдеби оқулықтармен таныстырылды.