Мереке үшін рахмет!

4 – қазан, жұма күні “Bolashaq” Академиясының студенттері мұғалімдер күніне орай, өз оқытушылары үшін мерекелік концерт ұйымдастырды. Залда және бүкіл корпуста жанды атмосфера орнады. Барлық жерде құттықтаулар, күлкілер мен әзілдер естіліп, ауада көтеріңкі көңіл-күй қалықтады.

Концертке жоғары курс студенттері де, бірінші курс студенттері де қатысты. Мұғалімдер туралы өлеңдер мен Ю-21-1 тобы студенттерінің өздері шығарған өлеңдерін, “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы студенттерінің сүйікті оқытушылары мен кураторларына арнаған алғыс сөздерін тыңдау өте жағымды және әсерлі болды. Біздің студенттер әдеттегідей әсем ән шырқап, (Ұлжан Қағазбай, Ин-22-2), тапқыр әзілдер айтты. Бұл жолы көрермендерді Екатерина Шитованың (Ин-21-1) жүргізуімен заңгер студенттер мен педагогтардың мың бұрала орындаған биі таң қалдырды. Катя өзін керемет жүргізуші ретінде көрсетті.

Концерт ЖІК төрағасы Станислав Юрьевич Смирновтың басшылығымен дайындалды. Ол және барлық қатысушылар әр нөмірге жанын салды, сондықтан біздің көрермендердің әсерлері жағымды және өте қуанышты болды. Біз, “Bolashaq” Академиясының оқытушылары мен қызметкерлері бұл мерекені ұзақ уақыт жадымызда сақтаймыз және бізге осындай ғажайып өнерлерін көрсеткені үшін тағы да алғыс айтамыз!

ЖББП кафедрасының меңгерушісі И.Ю. Григорчук 

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.