2023 жылғы 9 қазанда «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Абылбаева 1- курс студенттері, яғни ФМ-23-1, ИН-23-1, Ю-23-1 топтарында қазақ тілінен «Менің туған жерім» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: туған жер туралы тәрбиелік құндылықтарға тоқтала отыра, тілді меңгерту. Сабақтың жоспары төмендегідей негізде құрылды және өз нәтижесін берді.
1) жаңа сөздермен жұмыс (тыңдау, оқу, жазу, айту);
2) сөз – сөз тіркесі – сөйлем;
3) мәтінмен жұмыс;
3) сұрақтармен жұмыс;
4) “Салыстыра отыра баяндау” әдісі;
5) «Қалада» сұқбаттасу;
6) “Синквейн” әдісі;
7) үйге тапсырма: мәтін “Болашақта менің қалам қандай болуы керек?”
8) бағалау (топтық, жұптық).
Сабақта студенттер өте белсенділік танытты, үй тапсырмасына берілген туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер мен өлең жолдарын нақышына келтіріп айта білді. ИН-23-1 тобының студенті Сальникова Илона М.Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін және Верхотурова София «Отан – сенің ата-анаң» жыр жолдарын жатқа айтты. Студенттер жаңа сабақ бойынша өз қалалары жайында сөйлем құрап, оны оқып, мағынасын сөздік арқылы түсіндіре алды. «Қалада» тақырыбына сұқбат құрастырып, сұрақ-жауап, «Салыстыра отыра баяндау» әдістерін қолдана білді. Сабақта «Менің қалам – Қарағанды» бейнефильмі көрсетілді. Сол бойынша «Менің қалам» диаграммасын толтырды. Сабақ соңында рефлексия жасалып, студенттердің білімі бағаланды. Жалпы, студенттердің туған жеріне, қаласына деген патриоттық сезімдерімен бірге тілге деген құрметтері, тілді жетік білсек деген талаптары қуантады.