Менің елім – Қазақстаным!

23 қазанда «Bolashaq» Академиясының 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01703 – «Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының К-23-1, КР-23-1 тобы студенттері топ кураторы Н.К. Касетованың  жетекшілігімен 25 қазан Республика күніне орай “Менің елім – Қазақстаным!” тақырыбында ашық  куратор сағатын өткізді.  Сабақ барысында студенттер баяндама, өлеңдер оқып,  интелектуалдық ойын ойнады, өз ойларын, тілектерін ортаға салды.

Кураторлық сағаттың мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге,мемлекетіміздің рәміздерін қастерлеуге, еліміздің бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту;Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата- бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтап, қасиет тұта білуге тәрбиелеу;

Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.