22 қыркүйекте Қарағанды облысы Қазақстан халықтары Ассамблеясының Достық үйінде “Мен өмірді таңдаймын”көрмесі өтті.
Бұл іс – шараның негізгі мақсаты-синтетикалық есірткіге қарсы жалпыұлттық күресті қолдау.

Көрме барысында “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ, “Biz birgemiz жастар лигасы” және “Ассамблея жастары” РҚБ өкілдігінің қолдауымен өткен “Мен өмірді таңдаймын”акциясы аясында белсенді студенттерді марапаттау рәсімі өтті.
“Bolashaq” академиясының Ю-21-1 тобының студенті Оразкенов Әмірхан “Мен өмірді таңдаймын”акциясына белсенді қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

