Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы

   Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты тарихи Жолдауын жариялады. Бұл маңызды құжат еліміздің жаңа даму бағытын айқындап, заманауи технологиялар мен цифрлық трансформация дәуіріндегі басты стратегиялық міндеттерді нақтылап берді.

   Аталған Жолдауды «Bolashaq» Академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері зор ықыласпен тыңдады. Президенттің сөзінен бүгінгі қоғамдағы білім, ғылым және технология салаларының рөлі ерекше сезілді. Жолдауда еліміздің цифрлық әлеуетін арттыру, жасанды интеллектіні дамыту және оны экономиканың түрлі салаларына тиімді енгізу мәселелеріне баса назар аударылды.

   Мемлекет басшысы жасанды интеллекттің тек экономикалық емес, әлеуметтік және мәдени дамуға да ықпал ететінін атап өтті. Ол білім беру жүйесін жаңа технологиялармен ұштастырып, болашақ мамандарды цифрлық сауаттылық пен заманауи дағдыларға бейімдеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

   Жолдау – Қазақстанның цифрлық болашағын айқындайтын стратегиялық бағдар. Ол жасанды интеллект дәуірінде ұлттық мүддемізді сақтай отырып, жаһандық бәсекеге қабілетті ел болуға жол ашады.

   «Bolashaq» Академиясы Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, білім мен ғылымды инновациялық даму арнасына бағыттау ісінде белсенді үлес қоса бермек.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.