Қарағанды облысы білім басқармасының, Қарағанды қаласы білім бөлімінің №15 ЖББМ Қалалық медициналық сыныптар арасында «Медицинаға қадам» байқауы өтті. Осы байқауға Қарағанды қаласының барлық мектебінің оқушылары қатысты.6-7 сынып оқушылары «Дәрігерлер Династиясы» тақырыбына презентация дайындады ,8-9 сынып оқышылары «Медицина қызметкерлеріне тағзым» деген тақырыбта видеороликтар дайындады, 10-11 сынып оқушылары «Медицина жаналықтары» тақырыбына ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша жоба қорғады. Осы аталған шараға « BOLASHAQ» Академиясының «Фармацевтикалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Темиреева Кумисжан Слямгазиновна әділ- қазылар алқасы ретінде шақырылып, оқушылардың жұмысына баға беріп, қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.
Әріптесімізді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!