Педагогика кафедрасының аға оқытушысы Мекадилова С.К. кәсіби бағдар беру барысында Ұлытау ауданы білім бөлімінің “Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі (ресурс орталығы)” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-10-11 сынып оқушылары арасында онлайн кездесу өткізді.

Шара барысында оқушыларға мұғалім мамандығының мәні мен қоғамдағы рөлі жайлы терең әрі мазмұнды ақпарат беріліп, мамандық таңдаудағы жауапкершілік пен жүрек қалауына адал болу туралы құнды кеңестер айтылды. Онлайн жүздесу оқушыларға шабыт беріп, болашақ мамандығын саналы таңдауға түрткі болды.


Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, кеңес жұмыстары жүргізілді.