2025 жылдың 21 сәуірінде Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесе отырып «Bolashaq» Академиясының құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының 11 сынып оқушылары, лицейлер, гимназиялар және колледж түлектері арасында «Жас заңгер-2025» облыстық байқауы өтті.
Байқау онлайн форматта өтті (ZOOM платформасы).



«Жас заңгер-2025» байқауының мақсаты – құқықтық білім мен құқықтық мәдениетті насихаттау, құқықтық ойлау дағдылары мен әлеуетті қабілеттері бар талантты және шығармашыл жастарды анықтау және қолдау.

Конкурстың міндеттері:
1) болашақ мамандықты – заңгерлікті таңдауда белсенді көмек көрсету;
2) өз бетінше ойлаудың және өз ойларын баяндаудың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3) жазбаша баяндау дағдыларын дамыту;
4) көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін әзірлеу;
5) оқушылар мен педагогтерді жалпыға бірдей құқықтық оқытуға баулу;
6) қазіргі өмірде оқушы жастардың заңдық сауаттылығын арттыру.


Байқау 2 турдан тұрды.
Бірінші тур (сырттай) – «Қазіргі қоғамдағы құқықтың рөлі» тақырыбында эссе іріктеу 2025 жылғы 14-15 сәуір аралығында өтті.
Конкурстық комиссия жұмыстарды іріктеу кезінде келесі критерийлерді басшылыққа алды:
-тәуелсіз, өз бетінше, талдау қабілеті;
– презентация стилі, өзіндік ерекшелігі;
-сауаттылық;
-дәлелдеу дәрежесі;
-автордың білімі.
Екінші тур-қашықтықтан өткізу туры (ZOOM платформасы негізінде) 2025 жылдың 21 сәуірінде эссе қорғау түрінде өтті.
2 турға алдын ала іріктеуден өткен 13 қатысушы шақырылды.
Жеңімпаздардың орындары келесідей бөлінді:

Конкурс қорытындысын шығару:
1 орын – «Bolashaq» Академиясы ректорының «Bolashaq» Академиясының бірінші курсында тегін оқуға берген грантын Арпабаев Нұрасыл Тоқтасынұлы иеленді
№25 жалпы білім беретін мектеп КММ
Ғылыми жетекшісі: Бекболатова Айсұлу Қайратқызы
2 орын – бірінші курста оқу ақысына 50% жеңілдікті Кендебай Ақбота Мұхтарқызы иеленді.
Әл-Фараби атындағы КММ мектеп-гимназиясы.
Ғылыми жетекшісі: Рахимова Асылтас Еркінқызы
2 орын – бірінші курста оқу ақысына 50% жеңілдікті Ғалымжан Нұрия Бауыржанқызы иеленді. №26 жалпы білім беретін мектеп КММ
Ғылыми жетекшісі: Әбішева Гүлдана Төлеубекқызы
3 орын – бірінші курста оқу ақысы бойынша 25% жеңілдікті №6 жалпы білім беретін мектеп КММ Абылайхан Нұрланұлы Тоқашев иеленді.
Ғылыми жетекшісі: Амирова Рымгүл Ахметбекқызы
3 орын – бірінші курста оқу ақысын төлеу бойынша 25% жеңілдікті Теміртау қаласының №9 Лицей КММ оқушысы Азамат Ғалымжанұлы Қазақбаев иеленді
Ғылыми жетекшісі: Жаңабаев Данияр Күнекбайұлы


Конкурсқа қатысушылар мен жеңімпаздарға сертификаттар, жетекшілеріне алғыс хаттар табысталады, барлық қатысушыларға мамандық таңдауда сәттілік пен табыс тілейміз.