Мәдениеттер арасындағы өзара әрекеттестік: мәдени трендтердің заманауи жастардың дүниетанымын қалыптастыруға әсері

2025 жылғы 17 ақпанда «Шет тілдері және мәдениаралық коммуникация» кафедрасының филиалының жоспарына сәйкес филиалдың басшысы А.Ы. Альжанова және аға оқытушы М.М.Момбекова сондай-ақ, «Bolashaq» Академиясының 4-курс студенттері КММ «№1 гимназиясының» 11-сынып оқушыларына «Мәдениеттер арасындағы өзара әрекеттестік: мәдени трендтердің заманауи жастардың дүниетанымын қалыптастыруға әсері» тақырыбында әңгіме өткізді.

Әңгіме барысында қатысушылар заманауи мәдени трендтердің жастардың дәстүрлі құндылықтарға деген көзқарасына әсері, сондай-ақ трендтерді ойланбастан ұстанудың туындайтын мәселелері жайында пікір алмасып, медиа кеңістіктің әртүрлі мінез-құлық нормаларын танымал етуге әсерін талқылады. Студенттер мен оқушылар ғаламдық трендтердің тілге, өмір салтына және жеке тұлғаның қалыптасуына әсері туралы өз көзқарастарын білдірді. Кейбіреулер цифрлық орта мәдениеттер арасындағы шекараларды өшіріп, жаңа өзара әрекеттестік формаларын қалыптастыратынын атап өткен болса, басқалары ғаламдық мәдени ықпал жағдайында ұлттық ерекшеліктердің жоғалтуына алаңдаушылық білдірді.

Талқылау белсенді түрде өтті, пікірлер алмасылып, көптеген қызықты қорытындылар жасалды. Олардың ішінде мәдени мұраны сақтап қалумен жаңа идеяларды қабылдау арасындағы тепе-теңдіктің маңыздылығы мен мәдени контентті сын көзқараспен тұтынудың қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Осындай іс-шаралар көзқарасты кеңейтіп, мәдени өзгерістерді талдауға үйретеді және әртүрлі халықтардың дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.