2025 жылғы 01-сәуірде фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары Темиреева К.С, Темиреева Н.Б. мен Фм-24-2 тобының студенттері Керімбай Диана, Сахиева Айдана, Қалкенова Аңсаған Сәкен Сейфуллин атындағы драма театрында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған «Қош махаббат» қойылымын тамашалады.

Мақатаев шығармашылығындағы махаббат – сағынышқа толы терең драмалық сезім. Махаббат ақынның жалғыздығын одан әрі баса көрсетеді. Мақатаевтың махаббат туралы шығармалары оның шығармашылығының алтын қорын құрайды. Бұл қойылымда қызғаншақтардың айла-амалдарына, арам пиғылдарына қарсы тұра алмаған махаббат хикаясын баяндайды. Барлығын басты кейіпкерлер – Бағдат пен Бану арасындағы қарым-қатынас қызықтырды. Бағдат болашақ композитор, ал Бану болса мұғалім. Қойылым шынайы махаббаттың өтірік пен алдаумен сыйыспайтындығы туралы ойға жетелейді. Қойылымда Мұқағали Мақатаевтың танымал өлеңдеріне жазылған әндері де орындалды. Студенттер театрының актерлерімен бірге ақынның өзін түсінуге, оның поэзиялық әлеміне енуге тырысты. Бұл олардың қолынан келді, көрермендер жаңа қойылым мен театр актерлерінің ойынын қошеметпен қарсы алды. Театрдан жаңа премьераларды күтеміз!
