Кураторлық сағат «Студенттермен кездесу»

2025 жылғы 23 желтоқсанда педагогика кафедрасының эдвайзерлері С.С. Шутенова және А.М. Тажинин «Педагогика және психология» білім бағдарламаларының (ПиП-24-1, ПиП-24-2, ПиП-25-1) және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» (ПМНО-24-1, ПМНО-25-1) студенттерімен «Студенттермен кездесу» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттердің Академиядағы оқу процесіне бейімделуіне қолдау көрсету, өзін-өзі рефлексиялау және қарым-қатынас дағдыларын дамыту, студенттік өмірге оң көзқарас қалыптастыру.

Сұхбат барысында студенттер мектеп өмірінен студенттік өмірге өту кезіндегі әсерлерімен бөлісті, оқу процесінің қиындығын салыстырды, өз өмірлеріндегі жаңа мүмкіндіктерді, жауапкершілік пен дербестік деңгейінің өскенін айтып берді.

Студенттер өз өмірінде орын алған қызықты оқиғалар туралы айтып, студенттік өмірдің жеке қасиеттерді, өзіне сенімділікті, шешім қабылдау және уақытты жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға қалай әсер еткенін бөлісті. Пікірталас ашық және достық атмосферада өтті, студенттер өз ойларын белсенді жеткізіп, жеке тәжірибелерімен бөлісті.

Өткізілген кураторлық сағат топтардағы тұлғаралық байланыстарды нығайтуға, коммуникативтік дағдыларды дамытуға және студенттік кезеңнің әрбір оқушы өміріндегі маңыздылығын түсінуге ықпал етті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.