2023 жылдың 13 сәуірінде Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушысы А.М. Арыстанбекова “Адал және әділ ұрпақ-еліміздің болашағы” тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Мақсаты: студенттердің отан, оның рәміздері, ҚР азаматтарының негізгі құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту.
Ин-22-1, 22-2 тобының студенттері осы кураторлық сағатқа қатысты.
Іс-шара барысында оқытушы мен студенттер осы тақырыпты талқылай бастады. Біздің Отанымыз-біз дүниеге келген, өмір сүріп, оқып жатқан Қазақстан Республикасы. Біз өз өмірімізді ҚР Конституциясы деп аталатын мемлекеттің бас кітабына сүйене отырып құрамыз.
Студенттер тек бірнеше мақаланы ғана талдады, ал еліміздің бас кітабында – біздің Конституциямызда 98 мақала бар және олардың әрқайсысы халқымыздың бақытты өмір сүруіне кепілдік береді.
Қорытынды. Оқытушы сұрақтар қойды:
-Елдің басты кітабы қалай аталады?
-Қазақстандықтар Конституция күнін қашан атап өтеді?
-Конституция қабылданғанына қанша жыл болды?
-Конституцияда қанша бап бар?
Кураторлық сағаттың соңында студенттер Отан туралы патриоттық өлеңдер оқып, өз әсерлерімен бөлісті.