2024 жылғы 13 қараша күні кәсіптік бағдар беру аясында академия оқытушылары, атап айтқанда «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м., Жаныспаева Р.М., «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушылары п.ғ.м., Н.К. Касетова мен аға оқытушы, п.ғ.м., Қ.Қ. Жанузахова, «Шетел тілдер және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының оқытушысы Т.А. Ермек, аға оқытушысы М.К. Абдрешева Шахтинск қаласының ББ «Оқушылар сарайында» КМКК кәсіби құзыреттілік және мансаптық өсу орталығының базасында Қарағанда облысының педагогикалық бағыттағы «PR күні» атты білім ұйымдарының қатысуымен кәсіптер жәрмеңкесіне қатысты.
Аталған кәсіптер жәрмеңкесіне «Оқушылар сарайы» КМҚК «Психологиялық-педагогикалық білім негіздері» үйірмесінің тәрбиеленушілері және «Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, «№2 ЖББМ» КММ, «№4 ЖББМ» КММ, «№6 ЖББМ» КММ, «№7 ЖББМ» КММ, «№8 ЖББМ» КММ, «№11 ЖББМ» КММ, «№12 ЖББМ» КММ, «Е. Бөкетов атындағы ЖББМ» КММ, «С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия» КММ, «С. Асфендияров атындағы ЖББМ» КММ, «А. Бөкейханов атындағы мектеп лицейі» КММ -ден, барлығы 214 оқушы қатысты.
Бұл іс-шараға қатысуымыздың мақсаты болашақ абитуриенттерді «Bolashaq» Академия ұсынатын білім беру бағдарламаларының мүмкіндіктері туралы хабардар ету, түсу шарттары, жатақхана, оңтайлы төлем жүйесі, жеңілдіктер, студенттердің мүмкіндіктері т.б. ақпараттармен таныстыру.
Оқушыларға Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы «Bolashaq» Академиясының орны, оқыту нысандары, білім беру сапасы, оқу-тәрбие процестері мен жетістіктері, күндізгі оқу нысанындағы студенттерге арналған ректорлық стипендиялар және олардың түрлері, академиялық ұтқырлық туралы ақпарат ұсынылды.
Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.