Кәсіби бағдар – табысты болашақтың кепілі!

2025 жылғы 6 мамырда «Bolashaq» Академиясының Фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты Шащанова Роза Балиевна кәсіби бағдар беру мақсатында №15 жалпы білім беретін мектепте кездесу өткізді. Іс-шараға Шащанова Роза Балиевнамен бірге ФМ 23-2 тобының студенті Қарабаева Гүлнұр да қатысты.

Кездесу барысында академияның білім беру бағдарламалары, соның ішінде «Фармация» мамандығының мүмкіндіктері таныстырылды. Оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар, оқуға түсуге қажетті өту балы (проходной балл), оқуға қабылдау ережелері мен тапсыратын құжаттар тізімі туралы толық ақпарат берілді.

2025–2026 оқу жылына бірнеше әлеуметтік категориялар бойынша оқу төлеміне жеңілдіктер қарастырылғаны айтылып, жеңілдіктердің пайыздық мөлшері нақты көрсетілді. Сондай-ақ оқушыларға академия туралы презентациялар мен видеороликтер ұсынылып, жарнамалық буклеттер таратылды.

Жоғарыда аталған үш сыныпта (2 орыс сыныбы, 1 қазақ сыныбы) оқушылардың жалпы саны 75-ке жуық.

Білім беру бағдарламалары (бакалавриат) бойынша оқушыларға жан-жақты ақпарат берілді. Атап айтқанда, академияда академиялық ұтқырлық бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды. Ішкі ұтқырлық бойынша студенттер Академия ішіндегі басқа білім беру бағдарламаларында білім алуға мүмкіндік алса, сыртқы ұтқырлық арқылы шетелдік ЖОО-лармен әріптестік негізінде оқу мүмкіндіктері қарастырылған.

Сонымен қатар, академияның халықаралық бағдарламалар мен серіктестік байланыстар арқылы студенттердің білім сапасын арттыруға бағытталған кең мүмкіндіктері де баяндалды.

Кәсіби бағдар беру жұмысының соңында оқушылар жатақхана жағдайы, мемлекеттік гранттар, дипломдардың басқа елдерде жарамдылығы сияқты маңызды сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.

Мақсат – талапкерлерге саналы түрде мамандық пен оқу орнын таңдауға көмектесу!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.