2025 жылғы 29 сәуірде «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы К-21-1, КР-21-1 топтарының дипломалды қорғау өткізілді. Бұл маңызды іс-шараға кафедра меңгерушісі, профессор Қ.З. Сембиев, ғылыми жетекшілер: Р.Н. Исмаилова мен Р.Х. Абдрахманов, сондай-ақ тәжірибелі сарапшы М.Х. Хамзин қатысты.








Болашақ түлектеріміз бірнеше ай бойы атқарған еңбектерінің, ізденістерінің, жинақтаған білімдері мен тәжірибелерінің нәтижесін ортаға салып, өз жобаларын жоғары деңгейде қорғап шықты. Әрбір студент өзінің жұмысын кәсіби тұрғыда таныстырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін нақты дәлелдермен негіздей алды.
Қорғау барысында студенттердің кәсіби дайындығы, ғылыми-әдістемелік сауаттылығы, заманауи мәселелерді талдай білу қабілеті айқын көрінді. Сарапшылар тарапынан оң пікірлер айтылып, олардың болашақта үлкен жетістіктерге жететініне сенім білдірілді.

Шара барысында студенттер мен оқытушылар арасында пікір алмасу, сұрақ-жауап түріндегі белсенді диалог орын алды. Бұл – олардың кәсіби дамуына зор серпін беретін маңызды тәжірибе болды.