Ин-25-1к және 2к кітап клубы

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Ин-25-1к және 2к топтарының студенттері Карл Саганның соңғы кітабы «Мир, полный демонов. Наука – как свеча во тьме» атты шығармасын талқылады.

Студенттер ғылым әлеміне терең бойлап, НЛО, Атлантида, креационизм және астрология туралы мифтерді талқылады. Саганның әр эссе-хикаясы күрделі идеяларды қолжетімді тілмен аша отырып, сыни тұрғыдан ойлау мен скептицизмді дамытады.

Талқылаулар өте жанды өтті: қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ғылымның қоғамға әсері мен ақпаратқа аналитикалық көзқарастың маңызын талқылады.

Клуб ғылымға қызығушылықты арттыруға және студенттердің ғылыми көзқарасын қалыптастыруға әрі қарай да ықпал етуде.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.