Анкара Қажы Байрам Вели университетінің профессоры Саваш Шахин «Bolashaq» Академиясына іс-сапармен келді. Кездесу барысында Академия ректоры Қуанышбек Буланович пен стратегиялық даму жөніндегі проректор Әділ Мұратұлы профессор Саваш Шахинді арнайы қабылдап, ғылыми-академиялық байланыс мәселелерін талқылады. Екіжақты әріптестікті дамыту, бірлескен жобалармен алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру жайы сөз болды.


Іс-шара аясында профессор Саваш Шахин Академияның профессор-оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесіп, ескі түрік тілі мен түркі тарихына байланысты танымдық дәріс оқыды. Өз баяндамасында көне түркі жазба мұралары, тарихи дереккөздер және түркі халықтарының рухани-мәдени құндылықтары жайлы маңызды мәліметтермен бөлісті.

