2025 жылдың 31 қазанында Астана қаласында «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық форумы өтті. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, министр Саясат Нұрбек, әлемнің жетекші университеттерінің өкілдері, сонымен қатар “Bolashaq” Академиясының ректоры К.Б. Аданов қатысты.

Форум аясында жоғары білім жүйесіндегі жаңа үрдістер, жасанды интеллекттің ықпалы және білім беру саласындағы инновациялық бағыттар талқыланды.
Форумның басты идеясы – жоғары білім мен ғылымды жаңа сапалық деңгейге көтеру, академиялық байланыстарды кеңейту және талантты жастардың әлеуетін дамыту болды.

«Bolashaq» Академиясы да осы бағыттағы бастамаларды қолдап, білім беру жүйесін жетілдіру, ғылыми зерттеулерді жандандыру және цифрлық шешімдерді оқу процесіне енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Академия халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, әлемдік тәжірибеге сүйенген жаңа білім беру әдістерін енгізуге ұмтылуда. Бұл өз кезегінде студенттерге заманауи білім алып, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуға мүмкіндік береді.

 
   
  


