25 ақпанда Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасында Халықаралық ана тілі күніне арналған кураторлық сағат өтті.
📌 Іс-шараны ұйымдастырушылар: куратор Альжанова А.Ы. және ИН-23-2 тобының студенті Джолдасбаева Э.. Кураторлық сағатқа ИН-23-1 және ИН-23-2 топтарының студенттері қатысты.

🔹 Кездесу барысында қатысушылар Халықаралық ана тілі күнінің шығу тарихы мен маңыздылығымен танысты.
🔹 Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі талқыланды.
🔹 Ана тілін сақтау, құрметтеу және меңгеру ұлттық бірегейліктің маңызды элементі екені атап өтілді.

📖 Ана тіліміз – мәдениетіміздің айнасы. Оны сақтау – болашақ ұрпаққа деген жауапкершілігіміз.