«Фармацевтикалық пәндер» кафедрасымен өткен кездесу: даму стратегиялары мен ынтымақтастықты арттыру жолдары

4 наурыз күні Академия ректоры Аданов Қуанышбек Бұланұлы «Фармацевтикалық пәндер» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.

Кездесуде Академия ректоры кафедра ұжымымен алдағы жұмыс барысын талқылап, маңызды бағыттарға тоқталды. Әсіресе, кәсіби бағдар беру жұмысының маңызына ерекше көңіл бөлді. Ректор талапкерлер мен олардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты арттыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, медицина колледждері, интерколледждер және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы түлектерімен өзара әріптестікті кеңейту ұсынылды.

Кездесуде «Фармация» білім беру бағдарламаларын дамыту мен ілгерілету стратегиялары да қарастырылды. Талантты студенттерді тарту және олардың оқу үлгерімін жақсарту мақсатында түрлі ынталандыру шараларын, соның ішінде материалдық қолдау көрсету қажеттігі айтылды.

Ректор кафедра оқытушыларының білім беру процесін жетілдіру және талапкерлерді тарту жөніндегі ұсыныстарын тыңдап, барлық пікірді  ескерді.

Бұл кездесу болашақта кафедраның сапалы дамуына және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам болды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.