EDP Hub халықаралық баспасы IPR MEDIA-мен бірлесіп оқытушылардың, сондай-ақ ғылыми, оқу және оқу-әдістемелік басылымдар авторларының кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталған оқыту вебинарларының циклін өткізуде. Бағдарлама білім беру материалдарын дайындаудың заманауи талаптарына, сондай-ақ баспа ісінде жасанды интеллектті қолдану мәселелеріне арналған лекциялар топтамасын қамтиды.

Бүгін, 11 желтоқсанда Алматы уақыты бойынша сағат 15:00-де аталған цикл аясындағы екінші лекция өтті. Лекцияның тақырыбы:
«Оқу басылымы мәтінін жазу және рәсімдеу. Жасанды интеллектті қолдану».
Лекция барысында төмендегі мәселелер қарастырылды:
• оқу басылымдарының құрылымы мен мазмұнына қойылатын заманауи талаптар;
• мәтінді рәсімдеу және библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу ережелері;
• оқу материалдарының сапасын арттыруға арналған ұсыныстар;
• цифрлық құралдар мен жасанды интеллект технологияларын қолданудың практикалық тәсілдері.

Спикер лекция барысында академиялық ортада жасанды интеллектті жауапкершілікпен пайдалану мәселесіне ерекше назар аударды. Ол жасанды интеллект мәтіндерді даярлау кезінде ыңғайлы көмекші құрал бола алатынын атап өтті, алайда оны бақылаусыз немесе шамадан тыс қолдану академиялық этикаға, жұмыстың түпнұсқалығына және ғылыми құндылығына елеулі зиян келтіруі мүмкін екенін ескертті.
Спикер келесі тәуекелдерді атап өтті:
– автор жасанды интеллектке шамадан тыс сену салдарынан жіберіп алуы мүмкін қателердің генерациялануы;
– академиялық адалдық қағидаларының бұзылуы;
– авторлық жеке стильдің әлсіреуі;
– деректердің дұрыстығын ойдан шығарылған мәліметтерден ажырата алмау, себебі жасанды интеллект «білім иллюзиясын» тудыруы мүмкін;
– білім алушылар мен жас авторларда өздігінен зерттеу жүргізу дағдыларының төмендеуі.
Сонымен қатар спикер жасанды интеллект ғылыми ойды, зерттеу жұмысын және авторлық жауапкершілікті толықтай алмастыра алмайтынын әрі алмастырмауы тиіс екенін баса айтты. Мұндай құралдарды тек көмекші мақсатта – мәтінді редакциялау, құрылымдау немесе жекелеген техникалық үдерістерді жеделдету үшін ғана қолдану орынды, ал ғылыми мазмұнды жасау үшін пайдалануға болмайды.

Ұйымдастырушылар тарапынан бүкіл білім беру бағдарламасына кеңейтілген әрі толықтай тегін қолжетімділік ұсынылды. Вебинарлар циклының қорытындысы бойынша тыңдаушыларға көлемі 72 сағатты құрайтын сертификат беріледі.
Қатысушыларға сапалы оқу материалдарын әзірлеуге арналған әдістемелік ұсынымдар таныстырылып, мәтінді құрылымдаудың заманауи тәсілдері, академиялық адалдық мәселелері, сондай-ақ басылымдарды дайындау мен редакциялау барысында жасанды интеллект құралдарын қолданудың практикалық қырлары қарастырылды.
Ұйымдастырушылар барлық лекцияларға кеңейтілген және толықтай тегін қолжетімділік ұсынады. Цикл соңында әрбір қатысушыға 72 сағат көлемінде оқудан өткенін растайтын атаулы сертификат табысталады.
«Bolashaq» Академиясы атынан вебинарға құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Кабжанов Ақылбек Тайбулатович қатысты.
Вебинарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және ТМД елдерінен барлығы 240 қатысушы қатысты.