5 қазан күні Достық үйінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевпен және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен жұртшылық кездесу өткізді.
Кездесуге сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қатысты.
“Bolashaq” академиясын профессор-оқытушылар құрамы таныстырды.
Вице-премьер “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауында ел Президентінің алға қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтып берді.
