2025 жылғы 2 маусымда «Қарағанды медициналық университеті» КЕАҚ базасында аралас форматтағы «Денсаулық сақтау және медициналық білім берудегі инновациялық цифрлық шешімдер» тақырыбында денсаулық сақтау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті. Отырысқа 68 адам қатысты.

Отырысты «Астана медицина университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы ректоры, «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқу — әдістемелік бірлестіктің төрағасы Анар Ақылбекқызы Тұрмұхамбетова жүргізді.
Құттықтау сөзімен ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің төрағасы Гүлзат Ізбасарқызы Көбенова сөз сөйледі.
Одан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және Адам ресурстары департаментінің директоры Ержанова Фарида Нұрмұхамбетқызы құттықтау сөз сөйледі.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:
- Цифрландыру және жасанды интеллект жүйелерін дамыту: ҚМУ тәжірибесі. Баяндамашы Риклефс Виктор Петрович, «Қарағанды медициналық университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасының м.а. – ректоры
- «Семей медицина университеті» КЕАҚ цифрлық трансформациясы, баяндамашы – медицина және педиатрия мектебінің деканы – Өзбекова Салтанат Есенғалиқызы , «Семей медицина университеті» КЕАҚ
- Platonus компаниясының әзірлемелері негізінде медициналық білім берудегі ақпараттық жүйелердің болашағы. Баяндамашы: Четтікбаева Шолпан Нүсіпбекқызы, «Platonus» ЖШС Бас директорының даму жөніндегі орынбасары. Қосымша баяндамашы: Буранбаев Айдарбек Рүстемұлы ECTS жобасының жетекшісі
- Сұлтанов Сәбит Сәрсенбайұлы курстар құру үшін ЖИ технологияларын пайдалану, баяндамашы: техникалық қауіпсіздік және өмірлік дағдылар департаментінің директоры: «ҚБТУ» АҚ жастар саясатының жаңа тәсілдері мен мүмкіндіктері Әлеуметтік және тәрбие мәселелері жөніндегі проректордың м.а.
- Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары. Баяндамашы: Ажгалиева Ильянур Каирсапиевна-ҚР ДСМ ДСХР Адам ресурстарын дамыту басқармасының басшысы
- Әр түрлі мәселелер.


