Дәстүрлі  «ТІЛ-ҚАЗЫНА» олимпиадасы өтті

 2025 жылдың 18 сәуірінде «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының мектеп, лицей, гимназияларының 11-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы» КММ-мен  бірлесіп дәстүрлі «Тіл-Қазына» олимпиадасын өткізді.

Жалпы олимпиадаға:     

1. Қарағанды қаласынан – 4

2. Теміртау қаласынан – 2

3. Осакаров  ауданынан – 1

4. Шет ауданынан – 3

5. Қарқаралы ауданынан – 2

6.  Шахтинск қаласынан – 1

7.  Абай қаласынан – 2 өтінім келіп түсті.

«Тіл-Қазына» олимпиадасына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді. Олимпиадаға жауапты аға оқытушы Б.А.Абылбаева байқау материалдарын әзірлеп, өтінім берген оқушылармен хабарласып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, академия баспасына алғыс хаттар мен сертификаттарға өтінім беріп, онлайн өткізілетін кабинетті жабдықтады. MOODLE платформасына тест сұрақтары алдын-ала жүктелді.

   Комиссия төрағасы болып ф.ғ.д., профессор  М.І.Әбдуов және комиссия мүшелері кафедра меңгерушісі, профессор Қ.З.Сембиев, доцент Р.Х.Абдрахманов, Қарағанды облысының білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының зертхана меңгерушісі Б.К.Билялова және ұйымдастырушы, аға оқытушы Б.А.Абылбаева бекітілді.

  Олимпиаданың ашылу салтанатында  қатысушыларға комиссия төрағасы филология ғылымдарының докторы, профессор  М.І.Әбдуов ыстық ықылас, жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. 

Бірінші кезең: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тест жұмысы.   Тест 18.04.2025ж. «Bolashaq» академиясында, Ерубаев көшесі-16/6 ғимаратында, 113-кабинетте, MOODLE платформасында сағ.10.00-де  басталды.

  Тест жұмысында 30 сұрақ (тіл бойынша 15, әдебиет бойынша 15 сұрақ болды), тест тапсыру уақыты – 50 минут. (1 сұрақ 1 балл болып есептелінді). Жалпы ұпай: 30 балл. 

25 балдан жоғары жинаған 10 оқушы олимпиаданың 2-кезеңіне өтті.

 «ТІЛ-ҚАЗЫНА» олимпиадасының екінші  кезеңі ZOOM платформасында онлайн форматта өтті. (Қатысушыларға сілтеме бір күн бұрын жіберілді.)

Екінші кезең: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы».                                               

 Абай өлеңдерін жатқа оқу сайысы. Қатысушы жатқа оқитын өлеңдер тізімін, мәтінін (поэмадан басқа) алдын-ала қазылар алқасына ұсынды.   Қазылар алқасы ұсынылған тізім бойынша бірнеше өлеңді кез-келген  жерден жатқа айтуын сұрады. (20 өлеңнен кем емес).

Жалпы ұпай: 30 балл.

Кезең өте әсерлі,  жоғары  шығармашылық деңгейде  өтті.

Сонымен қорытындылай келе,

«ТІЛ-ҚАЗЫНА» олимпиадасының  жеңімпаздары:

І орын. Оқудың 1 жылдық төлем ақысына  100%  жеңілдікке 1 оқушы:

  1.  Даулетханқызы Жансұлу – Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті. «Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ

ІІ орын. Оқудың 1 жылдық төлем ақысына  50%  жеңілдікке 2 оқушы:

  1. Аманжол Ақжүрек Бақтиярқызы – Қарағанды қаласы, Қарқаралы ауданы, Аппаз ауылы.   Р.Сағымбеков атындағы №81 ЖББМ КММ.
  2. Амантай Таңшолпан – Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақшатау кенті. Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ.

 ІІІ орын. Оқудың 1 жылдық төлем ақысына  25%  жеңілдікке  3 оқушы:

  1. Хурмет Аяулым – Қарағанды обл,Теміртау қаласы. Қарағанды обл. ББ  «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі» 
  2. Қуанияқызы Таңнұр – Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы. Қарағанды қаласы №16 ЖББМ.
  3.  Кауашова Дильназ – Қарағанды қ. Пришахтинск, «№30 ЖББМ» КММ.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы  Б.А.Абылбаева олимпиаданың нәтижесінен соң  жеңімпаздарға сертификат және   жетекшілеріне алғыс хат  жеткізілетіндігін  хабарлады және жеңімпаздардың академияға келулеріне ақ жол тіледі,  барлық қатысушыларға  алғыс білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.