«Bolashaq» Академиясының студенттері студенттік өзін-өзі басқару көшпелі активіне қатысты

2025 жылғы 19-21 қыркүйек аралығында Қарқаралы ауданындағы «Барыс» спорттық-сауықтыру кешенінде Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің көшпелі активі өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту, студенттік өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, белсенділер арасындағы тәжірибе алмасу және жаңа идеяларды қалыптастыру болды. Бағдарлама аясында тренингтер, мастер-класстар, пікірталас алаңдары мен командалық жобалар ұйымдастырылып, студенттердің коммуникация, командалық жұмыс және жауапкершілік дағдыларын дамытуға бағытталды.

Аталған іс-шарада «Bolashaq» Академиясын іріктеуден өткен студенттер лайықты түрде таныстырды. Біздің қатысушылар белсенділік танытып, бастамашылдық пен креативтіліктерін көрсетті, студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға жоғары ынта мен қызығушылықтарын байқатты.

Мұндай кездесулер студенттердің жеке және кәсіби тұрғыда дамуына ғана емес, сонымен қатар жастардың көшбасшылық әлеуетін арттырып, азаматтық ұстанымын нығайтатын Академияның ұстанымын да күшейтеді.

«Bolashaq» Академиясы студенттерін көшпелі активке сәтті қатысуларымен құттықтап, алған білімдері мен тәжірибелері олардың алдағы жетістіктеріне берік негіз болатынына сенім білдіреді!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.