2025 жылғы 11 сәуірде «Bolashaq» Академиясының акт залында «Bolashaq» Академиясының студенттері мен магистранттарының ғылыми -зерттеу жұмыстары конкурсының нәтижелері бойынша «Студенттік зерттеулер фестивалі – 2025» өтті. Фестивальде жүлделі орындарға ие болған және СҒЗЖ конкурсы бойынша номинациялар алған студенттерді марапаттау өткізілді, сондай-ақ студенттердің ғылыми жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.



СҒЗЖ байқауы жыл сайын талантты жастарды зерттеу жұмыстарында қолдау үшін өткізіледі.
Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы 2024 жылғы 26 желтоқсан мен 2025 жылғы 11 ақпан аралығында өткізілді.
Конкурста барлығы 10 жұмыс болды – «Педагогика» кафедрасынан 3 жұмыс, «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасынан 3 жұмыс және «Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасынан 4 жұмыс.
СҒЗЖ байқауында 1,2 және 3 орын және номинация алған барлық студенттер мен магистранттар дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды
Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша жүлделі орындар мен номинацияларға ие болған студенттер анықталды:
1 орын – Абдсейтова Салтанат Сағатқызы, дДОВ-23-2к тобы
Тақырыбы: «Ересек топтағы балалардың көркем шығармалар арқылы мінез – құлық мәдениетін қалыптастыру»
Ғылыми жетекшісі: Шалтаева Роза Жиенбайқызы

2 орын – Садепхан Әлия, МЮ-23-2 тобы
Тақырыбы: «Азаматтық заң саласындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тілде қалыптастырдың өзекті мәселелері»
Ғылыми жетекшісі: Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы

2 орын – Шитова Екатерина Андреевна, ИН-21-1 тобы
Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабақтарындағы шығармашылық жазу»
Ғылыми жетекшісі: Бегахметова Балжан Қайыргелдиевна

3 орын– Агибаева Алина Сериковна, ИН-24-1к тобы
Тема: «The use of interactive programs and artificial intelligence to improve the effectiveness of teaching and learning English»
Ғылыми жетекшісі: Абдрешева Мадина Аббасовна
3 орын – Әбіл Айшабиби Қанағатқызы, ИН-21-2 тобы
Тақырыбы: «Ағылшың тілін оқыту процесінде тындау дағдысын дамытуда цифлық білім беру ресурстарын пайдалану»
Ғылыми жетекшісі: Әлжанова Айнұр Ырысқызы
3 орын – Позднякова Александра Александровна, ДОВ-24-1с тобы
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»
Ғылыми жетекшісі: Бокижанова Ғалия Қасқарбекқызы
Номинация: «Практикалық маңыздылығы үшін» – Хван Елизавета Владимировна, ИН-21-1 тобы
Тақырыбы: «Бастауыш мектептегі дәстүрлі емес ағылшын тілі сабағы»
Ғылыми жетекшісі: Бегахметова Балжан Қайыргелдиевна
Номинация: «Өзектілігі үшін« – Кадрин Тілеген Берекеұлы, Ю-23-2 тобы
Тақырыбы: «Жаза түрі ретінде мүлікті тәркілеудің құқықтық сипаты және оны қолдану мәселелері»
Ғылыми жетекшісі: Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы
Номинация: «Үздік ғылыми жұмысы үшін» – Нұрманова Қарлығаш Алтайқызы, ПМНО-24-1с тобы
Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық жағдайлары мен экологиялық білім беру моделінің теориялық негіздемесі»
Ғылыми жетекшісі: Бокижанова Ғалия Қасқарбекқызы
Номинация: «Тақырыптың түпнұсқалық ерекшелігі үшін»– Усербаева Жанаргүл, Ю-21-2 тобы
Тақырыбы: «Еңбек шарты және оның азаматтық құқықтық шарттардан айырмашылығы»
Ғылыми жетекшісі: Жақып-Жан Ақнұр Тілеуғабылқызы
