19–20 маусым | 📍 Қарқаралы, «Барс» кешені
Екі күнге созылған ерекше форматтағы Ғылыми Кеңес Академия ұжымын жаңа серпінмен шабыттандырды. Кампустан тыс өткен бұл іс-шара ғылым мен стратегияны, бірлік пен тимбилдингті үйлестірді.


🟣 Кеңес барысында:
– Академия дамуының жаңа бағыттары талқыланды
– Ректор Қуанышбек Аданов академиялық құндылықтар туралы мазмұнды баяндама жасады
– Стратегиялық ойындар мен командалық жаттығулар өтті
– Педагогтар мен қызметкерлер кәсіби бағдар жұмысына ерекше үлес қосты
– Ең белсенді қатысушылар марапатталды




Таза ауа, табиғат аясындағы еркін формат, ұжымдық рух – барлығы Академияның басты құндылықтарын – бірлік, өзара құрмет пен даму идеясын нақты көрсетті.

Бұл Ғылыми Кеңес – тек жұмыс сессиясы емес, шабыт, серіктестік және жаңа бастамалардың бастауы болды.















