“Bolashaq” академиясының 2019-2020 оқу жылы жұмысы және стратегиялық даму міндеттері туралы есебі

2020 жылғы 28 қазанда онлайн режимінде Microsoft Teams платформасында Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті, онда ректор профессор Қ.Н.Меңлібаев 2019-2020 оқу жылының жұмысы және “Bolashaq”академиясының стратегиялық даму міндеттері туралы есеп берді.

Ректордың баяндамасында Академияның өткен оқу жылындағы қызметінің барлық: оқу, ғылыми, тәрбиелік, баспа, әкімшілік-шаруашылық бағыттары көрсетілген.

Баяндамадан кейін профессор К. Н.Меңлібаев әріптестерінің сұрақтарына жауап берді.

Ғылыми кеңесті ОТЖ жөніндегі проректор У. Т. Киреева жалғастырып, баяндамада қашықтықтан онлайн оқыту жағдайында 2019-2020 оқу жылындағы оқу процесіне жасалған талдауды көрсетті. Ұлдай Тоқбергенқызы студенттер мен ПОҚ арасында жүргізілген сауалнамалардың статистикалық деректерін ұсынды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.