«Bolashaq» Академиясында Жоғары білім қызметкерлері күні аталып өтті

2025 жылғы 1 қазан күні «Bolashaq» Академиясында Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті. Бұл ерекше күн – бар ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге, білім мен ғылымды дамытуға арнаған ұлағатты ұстаздарға көрсетілген құрмет пен ризашылықтың жарқын көрінісі болды.

Концерттік кеш – білім саласының ардагерлері мен қазіргі таңда оқу үдерісінде жемісті еңбек етіп жүрген оқытушыларға арналған шынайы алғысқа, жүрекжарды тілектерге, көтеріңкі көңіл-күй мен рухани шабытқа толы болды. Кеш барысында Академияның талантты студенттері мен жас өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, ұстаздарға ерекше құрмет көрсетті.

Мерекелік шараның басты мақсаты – жоғары білім саласында тер төгіп жүрген қызметкерлердің еңбегін бағалау, олардың ел болашағына қосып отырған зор үлесін атап өту. Концерт барысында Академия ректоры Қуанышбек Буланович Аданов құттықтау сөз сөйлеп, әріптестеріне шығармашылық табыс, мықты денсаулық және кәсіби жетістіктер тіледі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.