«Bolashaq» Академиясында қысқы емтихан басталды. Бұл — пәндерді игеру нәтижелерін бағалауға және негізгі дағдыларды дамытуға бағытталған оқу семестрінің соңғы кезеңі.

Құрметті студенттер, назарларыңызды келесі мәселелерге аударуларыңызды сұраймыз:
- емтихан кестесі Академияның ақпараттық жүйесінің ресми ресурстарында орналастырылған;
- бағалау нысандары мен критерийлері пәндердің жұмыс бағдарламаларымен анықталады;
- сұрақтар туындаған кезде оқытушыларға және оқу кеңселеріне алдын ала хабарласу ұсынылады.

Сессия кезеңінде:
- оқу тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін сақтауды;
- дайындық уақытын ұтымды жоспарлауды;
- академиялық адалдықты сақтаудың маңыздылығын ескеруді сұраймыз.


Академияда оқытушылардың кеңестері және студенттерді академиялық қолдаудың басқа түрлері бар екенін естеріңізге саламыз.
Сіздерге емтихандарды сәтті тапсыруларыңызды тілейміз!!!