«Bolashaq» Академиясында өткен Жаңа жылдық мерекелік концерт пен «Екі жұлдыз» байқауы

«Bolashaq» Академиясында Жаңа жылдық мерекелік концерт пен «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Мерекелік кеш ұжым мүшелеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық пен ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналды.

Кеш бағдарламасы аясында жыл бойы табысты еңбек етіп, ерекше белсенділік танытқан «Жыл үздіктері» анықталды:
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КАФЕДРАСЫ» номинациясын Педагогика кафедрасы иеленді.
«Ең үздік бөлім» – Оқу-әдістемелік басқармасы;
«Белсенді жастар ортасын қалыптастырудағы көшбасшы» – Жастар ісі жөніндегі комитет;
«Ең үздік оқытушы – 2025» – Шутенова Сабира Сартаевна;
«Ең үздік қызметкер – 2025» – Айтжан Дәулет Кенжебайұлы;
«Ең үздік әкімшілік-шаруашылық бөлім қызметкері» – Нурмагамбетов Серик Каирович;
«Жастар жанашыры» – Мекадилова Самал Кемелбаевна марапатталды.

«Екі жұлдыз» байқауының қорытындысы бойынша бірқатар номинациялар табысталды:
«ЕҢ КРЕАТИВТІ ЖҰП» номинациясын Сәбира Сартаевна & Нұрәлі Айтбайұлы,
«ЕҢ ҰЙЫМШЫЛ ЖҰП» номинациясын Қарлығаш Қалдарқызы & Мерейна Сәндібекқызы,
«САХНА ШЕБЕРЛЕРІ» номинациясын Күмісжан Слямгазиевна & Еркегүл Хавкей,
«ЖҮРЕКТІ ЖАУЛАҒАН ЖҰП» номинациясын Венера Алимкуловна & Ақжол Алматұлы,
«ЕҢ ЖАРҚЫН ЖҰП» номинациясын Іңкәр Асығатқызы & Ақнұр Мейрамбекқызы.
Ал байқаудың БАС жүлдесі — «Екі жұлдыз – 2025» байқауының «ЕҢ ҮЗДІК ЖҰП» номинациясын Қарлығаш Қалдарқызы & Мерейна Сәндібекқызы иеленді.


Академияда өткен бұл кеш ұйымшылдықты арттырып, ұжым мүшелерінің шығармашылық әлеуетін танытуға зор мүмкіндік берді. Мерекелік іс-шарада Жаңа жылдық лоторея ойындары ойнатылып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.