«Bolashaq» Академиясында студенттермен кездесу өтті. Шара барысында студенттерге Академияның ережелері мен ішкі нормативтік құжаттары, студенттермен жұмыс жүргізетін комитеттердің қызметі, студенттің анықтамалық-нұсқаулығы, сондай-ақ академиялық мобильдік мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.



Кездесу таныстырылым және ақпараттық-түсіндіру сипатында болып, студенттердің Академияның ұйымдық құрылымы, өздерінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қолжетімді оқу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды.