🎉 «Bolashaq» Академиясына жаңа ректор тағайындалды!

📢 «Bolashaq» Академиясына жаңа ректордың тағайындалуы білім ордасының өркендеуінің жаңа кезеңін бастауға мүмкіндік береді. Жоғары білім беру саласындағы қарқынды өзгерістер жағдайында Академия алдағы уақытта өз дәстүрлерін сақтай отырып, білім сапасын арттыруға, инновациялық әдістерді енгізуге және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлауға басымдық бермек.

👨🏫 Жаңа ректор философия докторы (PhD) Аданов Қуанышбек Бұланұлы – Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосқан тәжірибелі ғалым, педагог және ұйымдастырушы. Оның кәсіби жолы, ғылыми жетістіктері мен көшбасшылық қасиеттері «Bolashaq» Академиясының білім беру кеңістігіндегі орнын одан әрі нығайта түсетініне сеніміміз мол.

👨🏫 Еңбекжолы:
🔹 1996-2000 жж. – Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Дене мәдениеті және спорт факультетінде білім алған.
🔹 2000-2002 жж. – «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі және спорттық ойындар» кафедрасының оқытушысы.
🔹 2002-2019 жж. – Дене мәдениеті және спорт факультеті деканының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары.
🔹 2011-2013 жж. – 6М010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.
🔹 2014-2017 жж. – 6D010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша докторантурада білім алды.
🔹 2017-2018 оқу жылы – философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.
🔹 2019-2025 жж. – Дене мәдениеті және спорт факультетінің деканы.
🏆 Жетістіктері:
✅ 2018 жылы «ЖОО үздік оқытушысы».
✅ Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
✅ 60-тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы, оның ішінде:
2 авторлық құқық куәлігі,
2 монография,
1 әдістемелік нұсқаулық,
1 оқулық.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.