«Bolashaq» Академиясы студенттерінің «Жасыл университет» экологиялық байқауына қатысуы

2025 жылғы 25 қыркүйекте Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде «Жасыл университет» экологиялық жобалар байқауы өтті. Байқауға «Bolashaq» Академиясының педагогика кафедрасының 1 және 2 курс студенттері, атап айтқанда, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының ПМНО-24-1, ПМНО-25-1 топтары және «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының ПиП-25-1 тобы қатысты.

Бұл байқауда біздің студенттер І орынға ие болды.

Аталған байқау – білім арқылы экологиялық болашақты қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Байқаудың мақсаттары:

Студенттердің экологиялық санасын арттыру

«Жасыл» технологиялар мен тұрақты даму идеяларын қолдау

ЖОО аумағында қолдануға болатын тиімді экологиялық стартаптарды анықтау

Студенттердің креативтілігі мен кәсіпкерлік дағдыларын дамыту

Студенттер «Bolashaq» Академиясы студенттерінің экологиялық мәдениетін эко-іс-шаралар арқылы қалыптастыру» тақырыбындағы жобасын ұсынды. Бұл жоба аясында студенттер экологиялық мәдениетті дамытудың маңыздылығын эко-іс-шараларды өткізу арқылы айқындады.

Сонымен қатар, байқау барысында педагогика кафедрасының 1 және 2 курс студенттері дайындаған экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған бейнеролик көрсетілді.

Студенттердің жобаларын қорғауынан кейін қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, колледждің Мәжіліс залында студенттерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.