2025 жылғы 7-8 сәуірде «Bolashaq» Академиясының Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары – Газиханова Жанар Ғазизқызы мен Ермек Толғанай Алмасқызы Балқаш қаласының орта білім беру ұйымдарында көшпелі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.


Екі күн ішінде оқытушылар алты білім беру ұйымында болып, 10-11 сынып оқушыларын Академияда жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларымен таныстырды.
- Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі
- «Әл-Фараби атындағы ЖББОМ КММ
- «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицей» КММ
- «№4 ЖББМ» КММ
- «№5 ЖББМ» КММ
- «С. Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ


Оқушыларға оқу мүмкіндіктері, оқу процесінің ерекшеліктері, шетелде оқу тәжірибесі, студенттік өмір және жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу перспективалары туралы айтылды.

Кәсіптік бағдар беру кездесулері жылы және мүдделі атмосферада өтті. Түлектер белсенділік таныта отырып, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, қабылдау емтихандары және студенттік өмір туралы сұрақтар қойды. Іс-шара мектептер мен ЖОО арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті, сондай-ақ болашақ талапкерлер үшін мамандық таңдау барысындағы маңызды қолдау болды.