2025 жылдың 21 мамырында Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжінің түлектерімен кездесу өтті.


Іс-шараға «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Жапанова Р.Н. және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А.Б. Қосманова қатысты.

Кездесудің мақсаты: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтары бойынша оқитын студенттер арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, сондай-ақ оларға «Bolashaq» Академиясында одан әрі білім беру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.

Колледж студенттері академияға қызығушылық танытты, оқу жеңілдіктерін, мансаптық өсу перспективаларын талқылады. Қарым-қатынас барысында оқытушылар «Bolashaq» Академиясында білім алу түлектердің болашақта әртүрлі салалардағы кәсіби әлеуетін іске асыру үшін кең көкжиектер ашатынын атап өтті.