2025 жылдың 8 сәуірінде Қарағанды қаласы «Bolashaq» Академиясы оқытушыларының А. Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі түлектерімен кездесуі өтті. Іс-шараға «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.к. Абдрахманова А.С. және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Сембиев К.З., аға оқытушысы Абылбаева Б. А. «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Р. М. Жанысбаева және «Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының аға оқытушылары Абдрешева М.К. және Әбілжан А.Б. қатысты.

Кездесудің мақсаты: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша оқитын студенттер арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, сондай-ақ оларға «Bolashaq» Академиясында одан әрі білім беру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.




Іс-шара бағдарламасы төмендегідей түрде өткізілді:
- «Bolashaq» Академиясының презентациясының көрсетілуімен, оқытушылар ЖОО-дағы академиялық даярлықтың жоғары деңгейі, бірегей білім беру бағдарламалары және студенттер үшін жасалатын түрлі мүмкіндіктер туралы айтып берді.
- Қабылдау ережелері мен оқытудың басымдықтары – академияға қабылдау ережелері, талапкерлерге қойылатын талаптар, сондай-ақ, жоғары білікті оқытушылар құрамы, заманауи инфрақұрылым және халықаралық алмасу бағдарламаларының болуы сияқты, академияда оқудың артықшылықтары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
- Презентациядан кейін колледж студенттері академиядағы оқу процесінің ерекшеліктеріне, тағылымдамадан өту мүмкіндіктеріне және оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу туралы, т.б. сұрақтар қойды. Сұрақтар Қарағанды қаласындағы оқу бағдарламасына да, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға да қатысты болды.
Колледж студенттері академияға қызығушылық танытты, академиядағы оқу жеңілдіктерін, мансаптық өсу перспективаларын талқылады. Қарым-қатынас барысында оқытушылар «Bolashaq» Академиясында білім алу түлектердің болашақта әртүрлі салалардағы кәсіби әлеуетін іске асыру үшін кең көкжиектер ашатынын атап өтті.

Бұл кездесу колледж студенттерін «Bolashaq» Академиясында оқудың шарттарымен және ерекшеліктерімен таныстырып қана қоймай, олардың академиялық және кәсіби мансапқа деген сенім мен қызығушылық ахуалын қалыптастыруға мүмкіндік берді.