Бүгін «Bolashaq» Академиясында «Batyl Jureq» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қарағанды қаласындағы «Batyl Jureq» қоғамдық қоры – дамуында ерекшеліктері бар балалар мен олардың отбасыларының әлеуметтенуі мен шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына арналған маңызды алаң.


«Bolashaq» Академиясы заманауи жоғары оқу орны ретінде өзін тек білім кеңістігі ғана емес, сонымен қатар тең мүмкіндіктер кеңістігі ретінде де айқындайды. Инклюзияны қолдай отырып, «Bolashaq» Академиясы жекелеген студенттердің табысына ғана емес, әділетті, ізгілікті және орнықты қоғамның дамуына да инвестиция салады.

Инклюзия – бұл жекелеген жоба емес. Бұл – жоғары оқу орны мәдениетінің ажырамас бөлігі болуы тиіс құндылық. Алдағы уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтенуіне жағдай жасау, Академия білім алушылары тарапынан волонтерлік жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ Академияда инклюзивті білім беруді сүйемелдеу бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу жоспарлануда.