«Болашағыңды «Bolashaq» пен бірге таңда» атты кәсіби бағдар беру жұмысы

08.05.2025 жылы Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектепте кәсіби бағдар беру жұмысы өткізілді. Бұл шараға «Bolashaq» академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Теміреева Күмісжан Слямгазиновна, ФМ-23-2 тобының студенті Қарабаева Гүлнұр және ФМ-21-2 тобының студенті Мусилов Әлихан қатысты.

Олар 11-сынып оқушыларымен және осы мектептің кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты мұғалімдерімен кездесіп, «Bolashaq» академиясының білім беру бағдарламалары туралы толық мәлімет берді. Талапкерлерді оқуға қабылдау ережелері мен қажетті құжаттар туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, оқу ақысына бірнеше категория бойынша жеңілдіктер қарастырылғаны атап өтілді.

Шара барысында академия туралы презентация мен видеороликтер көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды. Білім беру бағдарламалары (бакалавриат) бойынша жан-жақты ақпарат берілді. Академияны бітірген түлектерге мемлекеттік үлгідегі денсаулық сақтау дипломы беріледі.

Сондай-ақ студенттер үшін заманауи талаптарға сай жабдықталған студенттер үйі (жатақхана) қарастырылғаны айтылды. Оқу үдерісімен қатар, академияда студенттердің жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін спорт секциялары, дебат клубы, шығармашылық және ғылыми үйірмелер жұмыс істейтіні туралы мәлімет берілді.

Оқушылар тарапынан жатақхана және басқа да тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, оларға Теміреева Күмісжан Слямгазиновна толық жауап берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.