2025 жылғы 5 мамырда Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Адалбекова Б.О, ФМ-23-2 тобының студенті Икрамова Гүлбану Қарағанды қаласының № 17 мектебінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Атап айтқанда осы мектептің 11 сынып оқушыларымен және осы мектептің кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты мұғалімдермен кездесіп «Bolashaq» Академиясының білім беру бағдарламалары туралы жалпы мәліметтер берді.

Талапкерлерді оқуға қабылдау ережесі, оқуға түсу үшін қандай құжаттар тапсыру керектігі туралы айтылды. 2025-2026 оқу жылына бірнеше категориялар бойынша оқу төлеміне жеңілдік қарастырылғанын пайыздық көрсеткіштермен атап өтті. Сонымен қатар «Bolashaq» Академиясы туралы презентация, видео-роликтар көрсетіліп, буклеттер таратылды. Жоғарыда аталған сыныптардағы оқушылардың саны 75-ке дейін жетеді (2 орыс сыныбы, 1 қазақ сыныбы). Білім беру бағдарламалары (бакалавриат) бойынша оқушыларға бірқатар ақпараттар берілді.


Атап айтқанда Академияда академиялық ұтқырлық бойынша жүйелі жұмыс ұтқырлық ішкі және сыртқы бағытта жүзеге асырылатындығы айтылды. Ішкі ұтқырлық студенттері Академия ішіндегі басқа білім беру бағдарламалары арасында білім алмасу мүмкіндігіне ие болса, сыртқы ұтқырлық студенттерге шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастық аясында шетелде білім алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, академияның Халықаралық бағдарламалары мен серіктестік байланыстары арқылы студенттердің білім деңгейін арттыруға бағытталған түрлі мүмкіндіктер ұсынылды. Кәсіби бағдар беру жұмысының соңында оқушылар бірқатар сұрақтар қойды: Жатахана жағдайы, мемлекеттік гранттар,оқу бітіргеннен кейін алған дипломдары басқа елдерге жарамдылығы туралы және т.б.
Оқушылардың қойған сұрақтарына толықтай жауап берілді.