«Болашақ педагог» облыстық байқауы

Жыл сайынғы іс-шара аясында 19 қараша күні Қарағанды ​​облысының 11 сынып оқушылары арасында «Bolashaq» Академиясында облыстық «Болашақ педагог» байқауы өтті. Ұйымдастырушылар Педагогика кафедрасы және «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы болды. Байқаудың мақсаты мұғалімдік талантты анықтау, сыни ойлауды дамыту, мұғалімдік мамандықтың беделін арттыру және талантты жастарды қолдау болды.

Байқауға барлығы 21 команда қатысты. Әрбір команда өтінім бермес бұрын шақыру қағазы мен байқау бағдарламасын алып, байқау туралы хабардар етілді. Әр команданың құрамы 5-6 оқушыдан тұрды.

Комиссия мүшелері: Р.Ж.Шалтаева (төрайым), Ж.М.Мамерханова, Г.К.Бокижанова, М.Б. Нуртазина («Өрлеу» өкілі) және А.К.Кошкимбаева («Сарыарқа дарыны» өкілі) болды.

Байқау үш кезеңнен тұрды:

1-кезең – Медиавизитка. Тақырыбы: «Менің көзқарасым бойынша болашақ педагог».

2-кезең – Педагогикалық жағдаяттарды талдау. Кейстерді шешу, ұсыныстарды қорғау.

3-кезең – «Шебер қолдар» сайысы. Қағаздан жасалған шығармашылық жұмыс.

Байқау барлық талаптарға сай өтті. Жалпы алғанда командалар жақсы дайындалып, шеберліктерін, білімділіктерін және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Командалар байқауға қызығушылық танытып, жүлделі орындар үшін белсенді түрде бақ сынасты. Мұндай байқаулар оқушылардың ой-өрістерін кеңейтуге, қарым-қатынас дағдыларын жақсартуға және әрбір қатысушының талантын көрсетуге көмектеседі.

Байқау қорытындысы бойынша командаларға сыйлықтар берілді, ал жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. Келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:

1-орын – «EDU-КОД ПЕДАГОГА» («№3 гимназия» КММ) командасы («Bolashaq» Академиясында оқуға бірінші жылға тегін оқу гранты).

2-орын – «Вертикаль» («№45 гимназия» КММ)  және «Новый вектор» («№86 ЖББМ» КММ) командалары (оқу ақысына 50% жеңілдік).

3-ші орын – «Жалынды жастар (Н.Әбдіров атындағы ЖББМ КММ), «Болашақ» («№18 ЖББМ» КММ), «Самға» («№6 ЖББМ» КММ) және «Ыбырай ізбасарлары» (Шет ауданы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық жанындағы интернат)» КММ)  (оқу ақысына 25% жеңілдік).

Соңында «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі А.С.Абдрахманова құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық команда мүшелері мен олардың жетекшілеріне белсене қатысқаны үшін алғысын білдіріп, жүлделі орындарды иеленген командаларды құттықтады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.