3 желтоқсан күні академия қабырғасында өз дәуірінің үнін, халықтың ой-пікірін, мұң-мұқтажын шынайы түрде бейнелеген дарын иесі- Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының 2,4 курс студенттері арасында зияткерлік, интеллектуалды ойын өтті. Іс-шараға жетекшілік еткен кафедра доценті Исмаилова Р.Н.
Мақсаты: Б.Майлиннің шығармашылығын дәріптеу, келер ұрпаққа насихаттау.



Ең алдымен студенттер өз арасында іріктеліп,2 топқа бөлінді.Топтарына атау беріп, топ басшыларын анықтады. I-топ “Жауһар” тобы болса, II-топ “Шұға”тобы.



Сайыс 3 кезеңнен тұрды.Әр топ 3 кезеңде де өздерін жоғары деңгейде көрсете алды.Сайысты бағалау үшін әділқазылар алқасы тағайындалды.



Сайысты әділ бағалау нәтижесінде “Жауһар”тобы жеңіске жетті.

Барлық қатысқан студенттерге алғыс білдіреміз!