Конференцияға 9 мақала берілді: 1 мақала С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақстан медицина университетінен, (Алматы қ.), 2- Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен, сондай – ақ 3 – Қарағанды медициналық университетінен және 3 – “Bolashaq”Академиясынан. Барлығы 9 хабарлама мәлімделді, оның ішінде: қазақ тілінде -5, орыс тілінде -3, ағылшын тілінде -1.


Отырысқа 30-ға жуық адам қатысты.
Ұсынылған баяндамалардың екеуі пленарлық отырыста және 6 баяндама – секциялық отырыста тыңдалды. Баяндамалардың тақырыбы әр түрлі болды.
Екі баяндама фармация үшін дәстүрлі тақырып – жаңа дәрілік формаларды әзірлеуге арналды, бұл Қазақстан Республикасындағы өзекті мәселе болып табылады. Шалфей сығындысынан саше түріндегі шайынды жасау туралы есеп үлкен қызығушылық тудырды. Баяндамашылардың материалды жақсы меңгергені байқалды және олар қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп отырды. Нәтижесінде екінші орынға ие болды.


Секцияға Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дан орнитологиялық тақырыпқа арналған екі баяндама ұсынылды. Зерттеушілер Қарағанды облысының қыстайтын суда жүзетін құстарының популяциясын зерттеп, екінші орынға ие болды. Тағы бір баяндамада Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызыл кітапқа енген құстары бойынша зерттеу ұсынылды.
“Жасанды интеллектті медицинада қолданудың этикалық және құқықтық аспектілері” тақырыбы үлкен қызығушылық тудырды. Көптеген сұрақтар қойылды. Егер регламент сақталмаса, талқылауға көп уақыт кетер еді. Баяндамашы үшінші орынға ие болды.

Соңғы баяндаманы екінші курс студенті А.Ж. Тұрсынова “Фармацевтика эволюциясы: дәстүрлі дәріханалардан онлайн платформаларға дейін” тақырбында ұсынды, жетекшісі – Болдыш С.К. Баяндама мазмұнды жазылып, жақсы рәсімделген. Зерттеуде сауалнама әдісі қолданылған. Баяндамашы барлық қойылған сұрақтарға сенімді жауап беріп, бірінші орынды лайықты иеленді.